ЕАЭО аясында өнімдерді таңбалау: Қазақстанда жаңа ережелер қыркүйекте енгізіледі

1419
Фотосурет: UKIMET

8 шілдеде онлайн-форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Қазақстан делегациясын вице-премьер – ұлттық экономика  министрі Серік Жұманғарин басқарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Отырыста қызыл және қара уылдырық, мотор майлары, антисептиктер мен велосипедтерге таңбалауды енгізу туралы бірқатар шешім қабылданды. Бұл ретте ЕАЭО елдері өнімнің әрбір түрін таңбалауды енгізу мерзімі мен тәртібін жеке белгілейді.

Айта кету керек, Қазақстанда мотор майларын таңбалауды енгізу биылғы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен ЕАЭО-ның бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарына өзгерістер енгізілді. Өзгеріс құлпынай антракнозының қоздырғышынан (Colletotrichum acutatum) бос аймақтардан жеткізілетін алма ағашының көшеттеріне, тамыр сабақтарының, шламдарының және жемістердің  (Malus spp.) және алмұртқа (pyrus spp.) қатысты .

Сондай-ақ медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау ережелері жаңартылды. Өзгерістер 2024 жылы Клиникалық және зертханалық сынақтарды жүргізу ережелерінің жаңа редакциясын қабылдауға байланысты болып отыр. Олар өнімді тіркеу мен сараптауға кететін уақыт пен еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп робототехникасын дамыту бойынша жаңа Еуразиялық технологиялық платформа құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты – ЕАЭО елдері арасындағы өнеркәсіп роботтарын әзірлеу және енгізу, сондай-ақ перспектив коммерциялық технологияларды қалыптастыру саласындағы инновациялық ынтымақтастықты ынталандыру. Платформа шеңберінде робототехниканы дамытудың мемлекетаралық бағдарламасы әзірленеді. Қазақстаннан бұл жұмысқа «Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ қатысады.

Сондай-ақ энергетика, көлік, сыртқы сауда, бәсекелестік және техникалық реттеу саласындағы мәселелер де қаралды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -