Қазақстан мен ҚХР арасындағы стандарттау саласындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

1419
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Қытай сәйкестікті бағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі бірлескеніс-қимыл жоспарына қол қойды 2025 ж шілденің 8-і күні Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің стандарттау мәселелері жөніндегі кеңесі аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында сәйкестікті бағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құжатқа ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова мен ҚХР Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы (SAMR) басшысының орынбасары  Дэн Чжиюн  мырза қол қойды.

Аталған жоспар бұрын қол қойылған сәйкестікті бағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум аясында тараптардың өзара іс-қимылының басым бағыттары мен нақты формаларын айқындайды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде электрондық сауданы дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Трансшекаралық электрондық платформалар арқылы сатылатын тауарлардың сәйкестігін растау тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ екі елдің тұтынушылары үшін тауарлардың  сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескенЖұмыс тобын құру бойынша нақты қадамдар талқыланды.

Кездесу конструктивті және серіктестік мақсатында өтті. Бұл тараптардың тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдетуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -