Агроөнеркәсіптік өңдеуді дамыту: ЕЭОҚ Қазақстанның бастамасымен жобаны мақұлдады

1320
Фотосурет: eec.eaeunion.org

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту қосылған құнның тікелей тізбектерін қалыптастыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне тұрақты сұранысты қамтамасыз ету және азық-түлік түрлерін кеңейту үшін маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осыған байланысты Қазақстан тарапының бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) тараптардың сарапшыларымен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға мемлекеттік қолдауға талдау жүргізілді. Осы талдау негізінде шолу жобасы әзірленді.

Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің және бірқатар шет мемлекеттердің агроөңдеуді ынталандыру тәжірибесін қамтиды.

Шолуда халықаралық тәжірибеге ерекше назар аударылған, ол ЕАЭО елдерінде ұлттық аграрлық саясат аясында тиімді қолдау шараларын қалыптастыруда пайдалы болуы мүмкін. Атап айтқанда:

  • Ұлыбритания тамақ өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға тікелей қолдау бағдарламаларын іске асырады, оған жабдықтар мен инфрақұрылымға 40%-ға дейінгі гранттар мен өңдеушілерге арналған экспорттық қаржыландыру кіреді.
  • Германия ет, сүт және наубайханалық өнеркәсіптерді салықтық жеңілдіктер, инвестициялық бағдарламалар мен экспортты ілгерілету арқылы ауқымды қолдайды.
  • Канада мен АҚШ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қолданады: несиелеу, жаңғыртуды субсидиялау және фермадан дүкен сөресіне дейін қосылған құн тізбектерін құру.
  • Қытай агроөнеркәсіптік парктерді құруға және агроөңдеу саласына инновациялық технологияларды енгізуге басымдық береді, оның ішінде цифрландыру мен өндірістік процестерді автоматтандыру элементтерін қолдану.
  • Малайзия мен Түркия экспортқа бағытталған агроөңдеуді қолдау мысалдарын көрсетеді: орау, сертификаттау және логистикаға арналған субсидиялау бағдарламаларын енгізеді.

Сонымен қатар, шолуда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы Қазақстан Республикасының тәжірибесі ұсынылған.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мақсатында 2024 жылы 2024–2028 жылдарға арналған АӨК өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Жоспарда келесі шаралар көзделген:

- өңдеуге тапсырылған ауыл шаруашылығы өнімдеріне субсидия беру және шикізат экспортын шектеу арқылы қолжетімді шикізатты қамтамасыз ету;

- негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жеңілдетілген несиелер беру арқылы өндірістің рентабельдігін арттыру;

- өңделген өнімнің экспорттық әлеуетін жаңа нарықтарды ашу арқылы арттыру.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы экономикасы үшін агроазық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, шолу жобасы тараптармен тұтастай мақұлданып, оның негізінде мүдделі мүше мемлекеттер үшін ЕЭК Коллегиясының ұсынысы жобасы әзірленді.

Құжат ЕЭК-тің агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында мақұлданғаның ескере отырып, а. ж. екінші жартыжылдығында ЕЭК Коллегиясының отырысында белгіленген тәртіппен қабылдануы жоспарланғанын атап өтеміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -