ЕАЭО e-CMR бойынша пилоттық жобаны іске қосады: цифрлық логистика басталды

1155
Фотосурет: freepik

ЕАЭО елдері халықаралық автомобиль жүк тасымалдауларында электронды халықаралық жүкқұжаттарды (e-CMR) пайдалану бойынша пилоттық жобаны дайындауды бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Пилоттық жобаны өткізу туралы шешім 2024 ж. 29 қарашада өткізілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (әрі қарай – ЕЭК) отырысында қабылданды.

Жобаның мақсаты – электрондық цифрлық қолтаңбаны және сенімді үшінші тарапты пайдалана отырып, заңды маңызы бар электрондық құжаттарды трансшекаралық алмасуды тестілеу болып табылады. Бұл логистиканы цифрландыру және халықаралық тасымалдау рәсімдерін жеңілдету жолындағы маңызды қадам.

Сарапшылардың пікірінше, e-CMR-ді қолдану жүкқұжаттарды өңдеу уақытын айтарлықтай: қағаз бойынша 20 минуттан астам уақыттың орнына 1 минуттан аз уақытқа қысқартады. Бұл тауардың өтуін жылдамдатып, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, процестердің ашықтығын арттырады.

Жобаға уәкілетті мемлекеттік органдар, электрондық құжат айналымы операторлары, тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер мен алушылар қатысады.

Жобаны іске асыру үшін ЕЭК Алқасы 2025 ж. 11 наурызда арнайы жұмыс тобын құрды. А.ж. 12 мамырында өткен жұмыс тобының бірінші отырысында жобаның мерзімі, құрылымы, сондай-ақ заңдық және техникалық талаптары талқыланды. e-CMR көмегімен пилоттық тасымалдауларды бастау 2026 ж. бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

Бүгінгі таңда жұмыс тобы келесі негізгі міндеттерді жүзеге асыруда:

- бірыңғай e-CMR форматын әзірлеу;

- трансшекаралық өткізу кезінде құжаттардың құқықтық маңыздылығын қамтамасыз ету;

- ЭҚА операторлары мен сенімді үшінші тарап арасындағы өзара әрекеттесу тәртібін анықтау.

Жұмыс тобының келесі отырысы 2025 ж. қыркүйек айында өтеді.

Жалпы, жобаны жүзеге асыру ЕАЭО аясында логистика жылдам, ашық және барынша автоматтандырылған бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Пилоттық нәтижелер ЕЭК Кеңесіне ұсынылады және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық ілеспе құжаттарды ауқымды енгізу бойынша кейінгі шешімдер үшін негіз болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -