Ұлттық стиль көз алдында: Астанада жаңа фотозоналар ашылды

1727
Фотосурет: Gov

Астанада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тек тілдік құндылықтарды насихаттап қана қоймай, сонымен қатар ұлттық мәдениетті жаңа, стильді әрі заманауи форматта көрсету арқылы қазақы рухты сақтауға және дамытуға септігін тигізеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақ тілінде креативті фотозоналар орнату қоғамдық орындарда жастардың суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісуіне ыңғайлы жасалған, сол сияқты стильді, трендті сөздермен безендірілген.

Заманауи визуалды шешімдер арқылы тіл мәселесін «қызық», «сәнді», «инстаға лайық» форматта жеткізу.

Қазіргі уақытта Нұра ауданында (Ғашықтар саябағы, Есіл өзенінің жағалауы), Сарыарқа ауданында (Арбат), Алматы ауданында («Жетісу» және «Триатлон» парктерінде) фотоаймақтар орналастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -