Алматыда Ұлттық ұлан жаңа қызметтік автокөліктер алды

1595
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Республика күні қарсаңында Кеңес Одағының батыры, полковник Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімі Toyota Hilux маркалы жаңа қызметтік автомобильдерді алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Игі шара еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі саналатын Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсім барысында әскери бөлім командирі полковник Бақыт Баймағұлов жаңа қызметтік көліктердің кілтін жеке құрамға табыстап, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Көліктердің кілттері табысталған соң, сарбаздар мен офицерлер жаңа көліктерімен сап түзеп, салтанатты шеруге қатысты.

Бұл шара – Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының материалдық-техникалық базаны нығайту, заманауи автокөлік паркін жаңарту және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға бағытталған кешенді жұмыстарының бір бөлігі.

 Бұған дейін Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінің жеке құрамына да Toyota Hilux және Hyundai Staria маркалы жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табысталған болатын.

Айта кетейік, биылғы тоғыз айдың ішінде Ұлттық ұланның әскери жасақтары 14 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізген. Олардың арасынан 500 адамнан қылмыс белгілері анықталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -