"Қазсушар" суару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін техника паркін кеңейтуде

1507
Фотосурет: Gov

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына экскаватор-жүктегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су таситын көліктер, самосвалдар, автокрандар, тартқыштар, тіркемелі құрал-жабдықтар, дизельді генераторлар және басқа да техникаларды қоса алғанда, 51 жаңа арнайы техника берді.

Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізіледі. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Филиал қарамағындағы автокөлік пен арнайы техниканың саны екі еседен асты. Бұл техника Жамбыл облысындағы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау бойынша ірі жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ биылғы және алдағы суару маусымдарының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге септігін тигізеді» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

Айта кетейік, қазіргі уақытта республика бойынша «Қазсушар» РМК-ның филиалдарын жаңа техникамен жабдықтау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдарына жоспарланған 757 арнайы техника мен көліктің 400-ден астамы жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -