Қазақстандық оқушылар IMO-де әлемнің ең үздік математиктерімен бақ сынауда

1848
Фотосурет: Gov

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадаға қатысуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 10–20 шілде аралығында Аустралияның Саншайн-Кост қаласында мектеп оқушыларына арналған ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) өтуде. Биылғы олимпиадаға әлемнің 100-ден астам елінен жас математиктер қатысып жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда өткен халықаралық дайындық жиындарынан кейін олимпиадаға жол тартты. Команда құрамында Haileybury Almaty, Spectrum International School, Nurorda Almaty, Республикалық физика-математика мектебі және «Білім-инновация» лицейінің 6 оқушысы бар. Қатысушылар қатарында Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Марғұлан Шарел, Ерасыл Алтынбек, Ерқанат Кеншілік, Амир Сахипов бар.

Ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов және олимпиада жеңімпазы Қанат Сатылханов.

Қазақстан IMO-ға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде 16 алтын, 47 күміс, 77 қола медаль және 29 құрмет грамотасына ие болды.

 Жас математиктерімізге сәттілік тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -