Балқаш көлі суға толығуда

1661
Фотосурет: Gov

Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін.

Жыл басынан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілді. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған.

Биыл Қапшағай су қоймасынан көлге жалпы көлемі 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Балқаштағы су көлемі негізінен трансшекаралық Іле өзеніне байланысты, ал оның ағысын Қапшағай су қоймасы реттеп отырады.

Биыл су қоймасы қатарынан екінші жыл 100% толды. Былтыр бұл нысан соңғы 10 жылда алғаш рет 100% толғанын еске сала кетейік. Қапшағай су қоймасының толуы Алматы облысындағы Ақдала мен Шеңгелді суармалы алқаптарын вегетациялық кезеңде сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Балқашты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл Француз ғылыми консорциумымен бірлесіп ұйымдастырылған көл бассейнін зерттеу мақсатында ауқымды далалық экспедиция өткен болатын. Француз сарапшыларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс 2040 жылға дейінгі болжаммен Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеуге бағытталған. Бұл – былтыр Францияның Даму агенттігі және Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросымен бірге қол қойған үшжақты келісім аясындағы жұмыс» Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -