Мемлекеттік қолдау тамақ өнімдері өндірісінің артуына ықпал етті

1298
Фотосурет: agbz.ru

Тамақ пен сусын өндірісінің өңдеу өнеркәсібінің құрылымында алатын орны 17,2%.

Бұл ретте тек металлургия мен машина жасау ғана алда тұр. Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында саланың қазіргі ахуалы мен өсу қарқынын жеделдету шарасы қаралды, деп хабарлайды DKnews.kz.

UKIMET

2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 1,8 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10%-ға, белгіленген жоспардан 5,3 пайыздық тармаққа артық.

Өсім ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге (ет, сүт, қызылша және т.б.), сары май мен ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға, ҚҚС мөлшерлемесін 70%-ға төмендетуге, айналым қаражатын 5%-ға толықтыруға жеңілдікпен несие беруге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шарасы есебінен қамтамасыз етілді.

UKIMET

Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім көрсеткендер:

  • сары май – +10,4%,
  • шұжық өнімдері – +10,8%,
  • өсімдік майы – +20,3%,
  • балық өнімдері – +34,4%.

Маусымдық себептерге байланысты жарма өндірісінің төмендеуі байқалады. Кейбір өңірде кондитерлік өнім, консерві, ірімшік пен сүзбе шығару көлемі қысқарған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов түсіндіргендей, бұл негізінен шикізатты жеткізудегі үзіліс пен жеткізу нарығындағы шектеуге байланысты.

UKIMET

Жарты жыл ішіндегі сусын өндірісі 566,7 млрд теңге болды. Нақты көлем индексі 5%-ға өскен. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 3,7 пайыздық тармаққа жоғары. Алкогольсіз сусын өндірісінің 9,8%-ға өскеніне қарамастан оның өндірісінің төмендеуі тіркелді.

«Үкіметтің өткен отырысында әрбір сала министрі өздеріне қарасты кәсіпорынының экономикасымен айналысуы тиіс екенін айтқан болатынмын. Саладағы барлық кәсіпорынды бүге-шігесіне дейін зерделеп, олардың өсіміне кедергі келтіретін жайттарды жедел жоюы керек. Сауда және интеграция министрлігіне өңірлердегі өткізу нарығындағы жағдайды талдап, қажет болса, жеткізу қызметін басқа өңірлер арасында қайта бөлуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір ірі кәсіпорынның үлесін ескере отырып, азық-түлік өндіру жөніндегі жол картасын толықтырсын. Бәйтерек пен Аграрлық несие корпорациясы азық-түлік өндірісіне салынатын инвестицияға берілетін тапсырыс бойынша жұмысты жандандырсын» Серік Жұманғарин

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -