Қазақстанның аграршылары 11,4 миллион тонна мал азығын дайындады

1188
Фотосурет: Gov

2025–2026 жылғы қысқы кезеңге дайындық аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығын дайындау науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылы мал азығы дақылдарының егіс алқабы 3,3 млн гектарды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға артық (3,2 млн га).

Жалпы қысқы маусымға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем-шөп (сенаж), 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесіндегі жедел деректерге сәйкес, өңірлерде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде 10,6 млн тонна шөп (жоспардың 43,4%-ы) және 740 мың тонна сенаж (43,5%) әзірленген.

Мал азығымен қамтамасыз ету ахуалы тұрақты және Министрліктің тұрақты бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -