Ақтөбеде 400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

1760
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінде әскери өмірге қадам басқан жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жолғы шақырылымда еліміздің 11 облысынан 400-ден астам бозбала сап түзеп, Отанға адал қызмет етуге серт берді. Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, қала тұрғындары және ардагерлер қатысты.

Әскери бөлім командирлері жас толымға ізгі тілектерін арнап, олардың алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын атап өтті.

"Біз үшін бұл күн — аса маңызды әрі жауапты сәт. Әскери ант — жауынгердің анты ғана емес, ел алдындағы серті, ерлік жолындағы алғашқы қадамы. Сарбаздарымыз өздеріне артылған сенімді ақтап, Отанға адал қызмет етеді деп сенеміз"  6655 әскери бөлімінің командирі, полковник Еділхан Андірұлы

Жас сарбаздар сапында қатардағы жауынгер Ерболат Күлымбетов те бар. Әскери өмірдің алғашқы кезеңінен өткен ол бүгінгі тарихи сәттің ерекше толқыныс пен мақтаныш сыйлағанын айтты.

"Бүгін мен үшін өмірімдегі ең жауапты күндердің бірі болды. Елімнің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау — ендігі жерде менің де азаматтық парызым. Ата-анам мен туған өлкемнің үмітін ақтауға бар күшімді саламын" қатардағы жауынгер Ерболат Күлымбетов

Ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар саптық шеру өткізіп, өздерінің дайындық деңгейін паш етті. Енді олар алдағы бір жыл бойы Ақтөбе қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ететін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -