Қазақстандық металлургтер кәсіби мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстанда Металлург күні шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Металлургия – елдің өнеркәсіптік қуатының негізі. Металлургтер құрылыс пен машина жасау, мұнай-газ секторы мен энергетика сияқты негізгі салаларды қажетті шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етеді. Бұл мамандық терең білімді, жоғары жауапкершілік пен мұқияттылықты, сондай-ақ үнемі жаңа технологияларды меңгеруді талап етеді.
Қазақстандық металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!