Құтқарушылар БАО маңында жарақат алған турист қызды тауып, эвакуациялады

1672
Фотосурет: Gov

БАО маңында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқару операциясы өтті.

Бүгін Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы көлі маңында рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2007 ж. т. Қытай азаматы анықтады. Ол құлап, жарақат алған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның иығы жарақаттанған. Тау бөктеріндегі күрделі жер бедері мен шектеулі көріну жағдайына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті — жарақаттанған иығына бекіткіш шина салынды.

Алғашқы медициналық көмектен кейін зардап шеккен қыз қауіпсіз жерге эвакуацияланып, келген жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында зардап шегуші дер кезінде қажетті көмек алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -