ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жасөспірімге жедел көмек көрсетті

2860
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Елордадағы “Астана Арена” спорт кешені маңында қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің қатардағы сарбаздары Иманжүсіп Түменбаев пен Александр Баширов өзін жайсыз сезінген жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Патрульдеу кезінде олар басы айналып, жерге құлаған баланы байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Сарбаздар баланы орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық жәрдем жасады. Кейін анасына хабарласып, баланы көлікке дейін көтеріп апаруға көмектесті.

Айта кетейік, бұл ұландықтардың алғашқы медициналық көмек көрсетуінің алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін де "Астана Арена" стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері есінен танған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен болатын.

Бұл жағдай – әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіппен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына да бейжай қарамайтынын аңғартады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -