А.ж. 25 шілдесінде Бас Прокурордың орынбасары Ә.Қ.Шындалиевтің төрағалығымен сотталғандардың білім алу құқықтарын сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жиынға Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Т.Мелдебекова, Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖ) төрағасы А.С.Қайырбеков, жергілікті атқарушы органдар және аумақтық ҚАЖ департаменттерінің өкілдері қатысты.
Азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аудара отырып, Ә.Қ.Шындалиев а.ж. 23 маусымында құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында Мемлекет басшысының сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және оларды қоғамға одан әрі реинтеграциялау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жедел өзара іс-қимыл қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша пенитенциарлық жүйе мекемелерінде білім беруді ұйымдастыруды жақсарту шаралары талқыланып, әзірленді.