97 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

4664
Фотосурет: Ақмола облысы бойынша МҚІА

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік органдардың кадрлық жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындылары ұсынылды.

Мониторинг нәтижелерінен мемлекеттік қызметте мериторкратия қағидатының сақталатынын көруге болады. Мериторкратия мемлекеттік қызметті кәсібилендірудегі маңызды құрал болып табылады және осының арқасында өңірде жыл сайын өз жұмысының жетістіктері, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттері арқасында мансаптық ілгерілейтін қызметшілер саны артып келеді.

Атап айтқанда, 2025 жылдың І жартыжылдығы ішінде жоғары тұрған лауазымдарға 97 қызметші тағайындалды, оның ішінде ішкі конкурстардың нәтижелері бойынша - 62, ауыстыру тәртібімен - 32, қызметті бағалау нәтижелері бойынша - 3.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарда 2840 қызметкер жұмыс істейді, олардың 34,5%-ы ерлер, 65,5%-ы әйелдер.

35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 27,8% құрайды.

Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі 89,2% құрайды, олардың 18,1% екі немесе одан да көп жоғары білім бар. Оның ішінде 87 шетелдік білім иегері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 9 түлегі, 3 «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 4 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы бар.

Сынақ мерзімі 66 қызметкерге тағайындалды, оның 65-і тәлімгерлікпен қамтылды. 141 адам қайта даярлаудан, 317 адам біліктілігін арттырудан, 122 адам тағылымдамадан өтті.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -