Кедергісіз мемлекеттік қызметке: ЖОО түлектері Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер қатарын толықтыруда

1793
Фотосурет: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жақсы нәтижелермен оқуды аяқтаған ЖОО түлектері диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде конкурстан тыс негізде кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады. Осы норма күшіне енген сәттен бастап Департаментпен 29 жас маманды конкурстан тыс тағайындау келісілді. Олардың қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының түлектері бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарының түлектері уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізбей орналасу мүмкіндігіне ие. Бұл мүмкіндікті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 4 түлегі пайдаланды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округтердің әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізбестен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Осылайша Департамент әртүрлі лауазымдарға 7 әкімді тағайындауға келісім берді. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша конкурстық іріктеусіз «Б» корпусының басшы лауазымдарына кандидаттарды тікелей тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бұл өз кезегінде бірінші басшылардың өз қызметкерлері үшін жауапкершілігін күшейтеді. Осыған байланысты 11 облыстық басқарманың басшылары Агенттікпен келісім бойынша конкурстан тыс тағайындалды.

Конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі бар адамдардың арасында Өңірлік кадр резервінің мүшелері бар. Қазіргі уақытта Өңірлік кадр резервінің 12 мүшесі жергілікті атқарушы органдарда түрлі лауазымдарға тағайындалды.

Айта кету керек, бұл өзгерістер аудандық және ауылдық деңгейдегі кадрлар тапшылығы проблемасын шешуге, мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесін арттыруға, мемлекеттік аппаратты жаңа фармациядағы кәсіби, жоғары білікті кадрларымен уақтылы толықтыруға оң әсер етеді.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -