Бүгін – Теміржол қызметкерлері күні

1199
Фотосурет: freepik.com

Тамыз айының бірінші жексенбісі — Қазақстанда Көлік қызметкерлерінің күні, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңа маңызды датамен толықты. Биылдан бастап тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржол қызметкерлері күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл – көлік саласының маңызды бағыты саналатын теміржол жүйесінде қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкердің еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы.

Теміржол – ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі жолаушы және жүк тасымалының маңызды тетігі. Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының діңгегі саналатын бұл салада он мыңдаған маман жұмыс істейді. Олардың қатарында машинистер, вагоншылар, жол жөндеушілер, диспетчерлер, байланысшылар, инженер-техниктер мен тағы басқа көптеген кәсіп иелері бар.

Көлік саласының жалпы дамуына да теміржол саласы орасан үлес қосып отыр. Өңірлер арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз ету, отандық өнімді экспорттау, жолаушылардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын ұйымдастыру – осының барлығы теміржолшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Теміржол саласында жұмыс істеу – жауапкершілігі жоғары, тәртіп пен төзімділікті талап ететін мамандық. Бұл мереке – теміржолшылардың еңбегін бағалап, олардың қоғамдық маңызын айшықтайтын күн.

Теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған сала мамандарына мықты денсаулық, қауіпсіз еңбек және толағай табыс тілейміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -