1–3 тамыз күндері Сингапурде өткен жағажай самбосы бойынша V әлем чемпионатына 20 елден келген мықты спортшылар қатысты. Аталған беделді жарыста Қазақстанның намысын ІІМ Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Болат Сапар абыроймен қорғап, қола жүлдені жеңіп алды.
Жарыстар арнайы жабдықталған спорттық жағажай алаңдарында өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша 1-орынды ФИАС 1 құрамасы, 2-орынды Грузия құрамасы иеленсе, 3-орынды Румыния мен Қазақстан спортшылары бөлісті.
"Қазақстан мен Ұлттық ұлан атынан әлемдік деңгейдегі додаға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Әр белдесу оңайға соқпады, алайда елге медальмен оралғаныма қуаныштымын" Болат Сапар
Халықаралық жарыста Ұлттық ұлан сарбазының жүлде иеленуі – оның жеке жетістігі ғана емес, өзгелерге жігер беретін маңызды оқиға.