ОСМС жарналары өседі: 2027 жылдан бастап кімдерге әсер етеді

1188
Фотосурет: freepik.com

2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет тарапынан түсетін жарналардың мөлшері біртіндеп артады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Біз 2015 жылы қабылданған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының алғашқы редакциясында белгіленген бастапқы қаржылық моделіне ішінара ораламыз. Сол кезде мемлекеттің жарналары 7% деңгейінде бекітілген еді. Қазір ол тек 2% ғана» Ләззат Шоманова 

Оның айтуынша, бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлейтін жарна көлемін ұлғайтпай, медициналық көмек жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің қаржыландыру үлесінің кезең-кезеңімен өсуінің нәтижесінде, жарна мөлшері биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін артады деп күтілуде. Бұл жүйеге қосымша 2,8 триллион теңге қаржы тартуға мүмкіндік бермек. Ал ол өз кезегінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -