MOST Holding экожүйесіне кіретін MOST микрокаржы ұйымы алғашқы облигацияларын шығарды. Бағалы қағаздар Қазақстан қор биржасында (KASE) листингтен өтіп, шектеулі топтағы білікті инвесторларға қолжетімді болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Облигациялар жабық форматта шығарылып, жылдық табыстылығы 24,5%-ға дейін, айналыс мерзімі – 24 ай, купондық төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі.
– Бұл біз үшін маңызды қадам – капитал тарту тұрғысынан да, стратегиямызды растау тұрғысынан да, – дейді MOST Ltd. компаниясының CEO-сы Мират Ахметсадыков. – Біз капитал тез, түсінікті әрі икемді болуы тиіс сегментте жұмыс істейміз. Облигациялар – қаржылық өнімдерімізді ауқымдаудың және жеке инвесторларға табыстылықтың жаңа форматына қол жеткізудің жолы.
МҚҰ MOST микрокаржыландыру мен B2B-финтех саласындағы технологиялық шешімдерге маманданған. Облигацияларды орналастыру жеке кредиттеудің тұрақты моделін құруға және нақты секторда жұмыс істеуге бағытталған стратегияның қисынды жалғасы болды.
Шығарылымның артықшылықтары:
- Купондық мөлшерлеме: жылдық 24,5%-ға дейін
- Айналыс мерзімі: 2 жыл
- Төлем кезеңділігі: тоқсан сайын
- Нысаналы аудитория: білікті инвесторлар
- 1 лоттың құны: 25 000 000 ₸
– Біз бастапқыда бізді білетін әрі моделімізге сенетін жабық ортадан бастадық. Бірақ бұл шығарылым әрі қарай қадам жасауға – құрылымды ауқымдауға, сұранысты тестілеуге және тікелей жеке инвестициялар нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деп қосты Мират Ахметсадыков.
MOST МҚҰ – Орталық Азияда технологиялық инвестиция, венчур және жаңа қаржылық шешімдер саласында жұмыс істейтін MOST Holding экожүйесінің бір бөлігі. Компания қаржыландырудың икемді құралдарын ұсынады және жеке инвесторлармен тікелей жұмысты белсенді дамытады. «MOST» МҚҰ ЖШС 2024 жылғы 18 қарашада ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген № 16.21.0001.М «Микрокаржы ұйымының қызметі» лицензиясының негізінде жұмыс істейді.