Жылдың аяқталып келе жатқан тұсында «Барыстың» өз алаңындағы соңғы сериясы оңай болмады. Михаил Кравецтің командасы қозғалыс қарқыны мен голдық мүмкіндіктер саны бойынша қарсыластарынан кем түспейді, алайда нәтиже әлі де астаналықтардың пайдасына емес. «Барысты» көп жұмыс күтіп тұр, өйткені команда жиі бір мәселе – лақтырыштарды голға айналдыру проблемасына тап болып жүр.
Маусымның қиындығына қарамастан, ойыншылар плей-офф жолдамасы үшін күресті жалғастыруда. Қарсыластар «Барыстың» өкшесін басып келеді, кейде ұпай жағынан озып та кетеді. Қазіргі тұрақты маусымда есте қалатын ойыншылардың бірі – америкалық шабуылшы Майкл Веккьоне. Ол КХЛ-дегі алғашқы маусымын өткізіп жатыр және қазірдің өзінде астаналық команданың шабуылдағы көшбасшыларының біріне айналды.
«Барыс» ХК
88-нөмірлі хоккейші «Херши Бэрс» клубымен бірге екі рет Колдер кубогын жеңіп алды, 2023 жылғы АХЛ финалында жеңіс шайбасын соққан. Ол ойынды сезінуімен және қарсылас қақпасы маңындағы белсенді ойнымен ерекшеленеді. Өткен маусымда Лиганың басқа клубы – «Трактор» оны келісімшартқа алған еді, алайда белгілі себептермен Веккьоне челябілік клубтың жейдесін киіп үлгермеді. Оның КХЛ-дегі ресми дебюті дәл осы маусымда астаналық команда сапында өтті.
– «Автомобилистпен» және «Трактормен» өткен үйдегі матчтарда «Барыс» қарсыласын лақтырыстар саны бойынша басым түсті, бірақ табло иелерінің пайдасына болмады. Осы көрсеткіш туралы не айтасыз?
– Жеңуге жеткілікті деңгейде ойнадық, бірақ гол соға алмадық. Үш ойын қатарынан гол соғу – біздің басты проблемамыз болып тұр. Барлығымызға, соның ішінде маған да, алға қадам жасау керек. «Автомобилиспен» матчтың басында, сан басымдығында өте жақсы мүмкіндіктерім болды – олар ойынды өзгертіп, бізге есеп ашуға мүмкіндік берер еді. Ондай сәттерді пайдалана алмағаның жаман сезіледі, кінәні өз мойныңа алғандай боласың. Қазір дәл сондай күйдемін. Көптеген жігіттер де солай сезініп жүрген шығар – біз жай ғана соқпай жүрміз. Бізге шайбаны қақпаға жеткізудің амалын табу керек. Мүмкіндіктер бар, қарсыластан көп лақтырамыз, бірақ өз сәттерімізді орындамаймыз.
– Өткен маусымда сіз «Тракторда» ойнауыңыз керек еді. Оларға қарсы шыққанда ерекше сезім бар ма?
– Жоқ, аса емес. Мен тіпті ол жаққа барып та үлгермедім – мені ұшақта келе жатып-ақ басқа клубқа айырбастап жіберді. Ондай жағдайлар болады, бұл – хоккейдің, бизнестің бір бөлігі. Қазір мен осындамын және өз орнымдамын деп сезінемін. Ол командада көп таныстарым бар, көшу оңай болды – ағылшынша сөйлейтін жігіттер де көп. Ешқандай реніш жоқ. Әрине, оларды жеңгіміз келеді – турнир кестесінде дәл олардың артындамыз және плей-офф үшін күресте оларды басып оза аламыз. Сондықтан мәселе «Тракторда» емес, өзімізде, біздің плей-оффқа және кестеде жоғары көтерілу жолымызда.
«Барыс» ХК
– Сіздің пікіріңізше, командаға көбірек гол соғу үшін не жетіспейді?
– Қақпа алды ойындары жетіспейді. Үнемі бір ойыншы қақпа маңында тұруы керек. Көбірек лақтыру және екінші, үшінші мүмкіндіктерді жасау қажет. Қазір біз шетін айналып ойнаймыз, шайбаны бүйірлерде ұстаймыз да, орталықта трафик жасамаймыз. Видеоны қарағанда анық көрінеді: көк сызықтан лақтырған кезде қақпа алдында көбіне ешкім жоқ – шайбаны бағыттайтын, қосып ойнайтын немесе хаос тудыратын ойыншы жетіспейді. Бізге қақпаға көбірек бару, көбірек лақтыру керек – сонда, үміттенемін, серпілістер де біз жаққа ойысады.
– Кейде матч кезінде сіз бен Мэйсон Морелли вбрасыванияда орын ауыстырасыз: ол қапталға кетеді, ал сіз орталық шабуылшы рөліне өтесіз. Мұндай шешім қалай қабылданады?
– Бәрі вбрасывание өтетін жаққа байланысты. Егер оң жақ болса – мен барамын, өйткені оңқаймын. Сол жақ болса – ол барады, өйткені солақай. Өте қарапайым. Екеуміз де карьерамыз бойы вбрасыванияда көп ойнадық, сондықтан кімге ыңғайлы болса, сол шығады. Бұл – команда үшін ең дұрысы.
«Барыс» ХК
– АХЛ ойыншылары жиі КХЛ-ды сол лигаға ұқсайды дейді. Сіз қалай ойлайсыз?
– Жылдамдық, шеберлік, қақпашылар ойыны жағынан – ұқсастық көп. Бірақ мұнда силовой күрес аздау. Сондықтан ойын жылдамырақ, мүмкіндіктер көбірек және, меніңше, гол да жиі соғылады. Жалпы деңгейі салыстыруға келеді: темп, шеберлік – бәрі жоғары. Бірақ мұнда ойын сәл техниктерек, шайбаны көбірек бақылауға негізделген, бұл хоккейді көркем етеді. Бізге осында ойнау өте ұнайды.
– 2023 жылы сіз «Хершимен» бірге Колдер кубогын жеңіп, финалда жеңіс шайбасын соқтыңыз. Сол тәжірибені «Барыста» қалай қолданасыз?
– Біз чемпиондық менталитетті әкелуге тырысамыз: жеңіске жету үшін не қажет екенін түсіну маңызды. Жеңіске бүкіл команда үлес қосады. Біреу жарақат алады, біреу оны алмастырады – бәрі кез келген сәтте дайын болуы керек. Әр ойыншының өз рөлі бар және оны мінсіз орындауы қажет. Бір-бірімізді жақсы түсіну, жүйеге сеніп ойнау керек – сонда үнемі сақтандыру болады, әркім серігінің қайда екенін сезеді. «Хершиде» біз мұның бәрін автоматизмге жеткіздік – қарсыластарға бізбен ойнау өте қиын болды. Сол тәсілді осында да енгізгіміз келеді. Жүйелі ойнағанда, бөлшектерге мән бергенде, біз мықты командаларды жеңе алатынымызды көрсеттік. Қазір міндет – осы ұсақ детальдарға қайта назар аудару. Бірақ, айтқанымдай, бізге жай ғана гол соға бастау керек.
«Барыс» ХК
– Сіз және қазіргі серіктестеріңіздің бірқатары «Херши» сапында бірге ойнадыңыздар. Бұл – артықшылық па?
– Әрине. Біз бірге ғана ойнап қойған жоқпыз – бірге әлемнің екінші шетіне көштік, үш-төрт жыл қатар жүрдік. Бұл бейімделуді әлдеқайда жеңілдетеді. Мұз үстінде бір-біріміздің әдеттерімізді білеміз, кім қалай ойнайтынын сеземіз – бұл көмектеседі. Сондай-ақ мұнда көптеген солтүстік америкалық жігіттер АХЛ-да ойнаған, олардың да мықты жақтарын жақсы білеміз. Жалпы алғанда бұл топтың барлығына тезірек үйренуге және серіктестерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
– Қазақстанда сіз үшін ең күтпеген не болды?
– Жылқы етінен жасалған тағамдар. Жігіттер бізге алғашқы ортақ іс-шарада ұсынып көргізді – бір түрі «арнайы рәсім», Қазақстандағы қошемет сияқты. Әуелі қалжың екен деп ойладым, бірақ жоқ – ол барлық жерде мәзірде бар екен. Маған аса ұнамады, бірақ байқап көрдім. Бұл – мәдениеттің бөлігі, сондықтан бас тартқым келмеді.
– Астанада шамамен төрт айсыз. Қандай орындар ерекше ұнады?
– «Бәйтерекке» көтеріліп, кофе іштім. Көбіне «Хан Шатырға» барып, серуендеймін. Күніне 4–5 сағатты аренда өткіземіз, кейін үйге қайтып, демаламын, әйеліммен бірге кешкі ас дайындап, келесі күнге дайындаламын. Біз іс жүзінде күн ара ойнаймыз, уақыт аса көп емес. Ауа райы жылы кезде көрікті жерлерді араладық: Бейбітшілік және келісім сарайын және басқа да орындарды. Қазір суық, сондықтан режим қарапайымдау, бірақ қалада расымен қызық жерлер көп.
«Барыс» ХК
– Сіздің хоккейдегі кумиріңіз кім?
– Мен Бостонда өстім, сондықтан ол – Патрис Бержерон. Екі жақта да мықты ойнайтын орталық шабуылшы. Өзім де сол позицияда ойнадым және «Бостон Брюинздің» дерлік әр матчын қарап жүрдім. Вбрасывания, алаңның барлық аймағындағы ойын, жауапкершілік, нәтижелілік, лидерлік – бәрі үлгі болды. Мен үшін ол нағыз рөлдік модель еді. Оны Бостонда талай жыл көру – үлкен бақыт. Мен әр кеш сайын дерлік оның ойынын тамашаладым. Ол – мен үлгі алған ойыншы.