Қолайсыз ауа райына байланысты Астана маңындағы тас жол жабылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 01:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Қостанай-РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» 16-135 шақырым аралығында (Астана қаласынан Астараханка ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.