Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен тікұшақтары бірлескен оқу-жаттығу өткізд

1144
Фотосурет: Gov

Ақтауда Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Маңғыстау облысында армия авиациясының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты - барлық дәрежелі басқару органдары мен командалық құрамның дайындық деңгейін тексеру, сондай-ақ теңіз акваториясында жауынгерлік операцияларды ұйымдастыру және оны іске асыру бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау болды.

Іс-шара барысында жеке құрам бірқатар оқу-жауынгерлік эпизодтарды: миналарды барлап іздестіруді іске асыру, теңіз экономикалық қызмет объектілерін күзету және қорғау, шартты қарсыластың әуе шабуылы құралдарының ұрысын тойтару, сондай-ақ авариялық жағдайдағы корабльді іздеу және оны құтқару жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады.

Шартты қарсыластың кеме тобына бірлескен соққы беру эпизодына ерекше назар аударылды. Бұл іс-қимылды іске асыруға әскери корабльдер мен армия авиациясы, соның ішінде Ми-8 және Ми-35 тікұшақтары қатысты.

Әскери-теңіз күштері дабыл бойынша көтеріліп, нақты ұрысқа жақын жағдайда бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін толық тексеруге мүмкіндік берді.

"Оқу-жаттығу шеңберінде бөлімшелерді басқарудағы командалық, офицерлер мен лауазымды тұлғалардың практикалық дағдылары жетілдірілді" Бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы 1-дәрежелі капитан Данияр Хайрушев

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам жедел және тактикалық даярлық деңгейін арттырып, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындау қабілеті бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -