Алматыдан Самарқан мен Бұқараға: Jibek Joly 5.0 жаңа бағыты

979
Фотосурет: Gov

Қазақстандықтар отандық туристік өнім аясында ЮНЕСКО ескерткіштерін тамашалай алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

21-26 қыркүйек күндері Jibek Joly 5.0 туристік пойызы кезекті сапарына аттанады. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған тур Орталық Азия өңірінің мәдени-тарихи орталықтарын байланыстырады. Атап айтқанда, бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Отырар, Самарқан, Бұқара және Ташкент қалаларын қамтиды.

Жоба Орталық Азияның мәдени мұрасын дәріптеу және өңірлер арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, отандық туроператорлар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқаруымен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, жоба KITF 2025 халықаралық көрмесінде «Ең үздік туристік өнім» деп танылған. Бағдарламаға жайлы теміржолмен сапар, мазмұнды экскурсиялар, шеберлік сабақтары, шығыс дәстүрімен танысу, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарына бару кіреді.

Бағдарлама жыл сайын жетілдіріліп, туристердің ұсыныстары ескеріліп, бағыттар кеңейтіледі және жаңа бағыттар әзірленеді. Jibek Joly жобасы Орталық Азиядағы маңызды мәдени бағыт ретінде дамып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және Ұлы Жібек жолы мұрасын насихаттауға үлес қосып келеді.

Туристік өнімді қалыптастыру және оны жүзеге асыруды отандық туроператорлар жүргізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -