Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуда

979
Фотосурет: designer491 / Getty Images

Алғаш рет 9 қазақстандық кәсіпорын Қытай Халық Республикасының азық-түліктік емес тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл қадам қазақстандық өнім өндірушілерге мал шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына экспорттауда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда әлеуетін дамыту шеңберінде, сондай-ақ барлық техникалық және құқықтық аспектілерді келісу және талқылау нәтижелері бойынша 2024 жылғы қарашада ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында ірі қара малының терісіне қатысты хаттамаға қол қойылды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қытайлық тараппен тығыз өзара іс-қимылда экспорттық жеткізілімдерді толыққанды іске қосу үшін қажетті ветеринариялық сертификат нысанын келісу жұмыстарын жүргізуде.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ҚХР-ның азық-түліктік емес тізіліміне 9 қазақстандық кәсіпорын енгізілді. Оның ішінде 7 компания ІҚМ терісін жинау, өңдеу және экспорттаумен, ал 2 компания артемия цистасын өндіру және экспорттаумен айналысады.

Комитет мал шаруашылығы өнімдерінің экспортталатын номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ жаңа қазақстандық кәсіпорындарды Қытай тізіліміне енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

Аталған шаралар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық өнімнің шетелдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Компаниялар тізімімен ҚХР-ның азық-түліктік емес тізілімінің ресми сайтында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -