Қарағандыда Спорт күні жаппай жүгіру және түрлі спорт түрлерінен мастер-класстармен аталып өтті

1353
Фотосурет: Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасыннан

Қарағандының Орталық саябағында Спорт күніне орай үлкен мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған қала тұрғындары мен спорт сүйер жастар қатысты. Бағдарламаға жаппай жүгіріс, күрес, зумба және ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабақтары кірді.

Мереке күні барлық қатысушыларға арналған жаттығудан басталды. 

Содан кейін сахна жанында үстел теннисі, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қол күресі және қол жекпе-жегі бойынша шеберлік сабақтар өткізілді.

Іс-шараны «Аманат» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

– Мерекеге 400-ден астам спортшы қатысты. Олардың арасында жаңадан бастағандар да, Азия мен әлем чемпиондары да бар. Негізгі мақсатымыз – спортты, әсіресе, жаппай спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, – дейді «Жастар Рухы» жастар қанатының жетекшісі Арафат Мәжитов.

Орталық саябақта көлді айналып жаппай жүгіріс өтті. 

Оған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев, балуан Ибрагим Магомадов және батут спорты бойынша спортшы Данил Мусабаев қатысты. 

Белгілі бір қашықтықты бірінші болып бағындырған алғашқы 30 қатысушы «Аманат» партиясынан естелік сыйлықтар алды.

Сонымен қатар, мереке қонақтары үшін мобильді медициналық пункт ұйымдастырылып, кез келген адам жалпы медициналық тексеруден өте алды.

«Жастар Рухы» жастар қанаты мен спорт басқармасы Қарағанды облысының басқа қалаларында да осындай спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -