Қазақстан Қытай нарығында юаньмен деноминацияланған облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

924
Фотосурет: Gov

Таяуда (2025 жылдың 13 тамызында) ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Бейжіңде болып, Қытай Қаржы министрлігінің, Қытай Халық банкінің (PBoC), Қытай Қаржы нарығының институционалды инвесторлары ұлттық қауымдастығының (NAFMII),
сондай-ақ Қытай экспорт-импорт банкінің (Эксимбанк) өкілдерімен екіжақты кездесу өткізді.

Айталық, Қытай Қаржы вице-министрі Ляо Минмен болған кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен екіжақты қаржылық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

«Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық және инвестициялық әріптесі болып саналады. Қазақстан Үкіметі қытайлық қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында белсенді жұмысты жалғастырып жатыр. Осындай іскерлік кездесулер біздің қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді» Дәурен Маратұлы

Өз кезегінде Л.Мин экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі мен екіжақты іс-қимылдың перспективаларын жоғары бағалады. Бұған қоса Қытай тарапы Қазақстанның аталған елдің қаржы нарығына (юаньді қолдана отырып) деген қызығушылығын қолдап отыр.

Тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум жасасу туралы уағдаласты.

Ал Қытай Халық банкі төрағасының орынбасары Ксюан Чаненгпен және NAFMII Бас хатшысының орынбасары Ксю Джонгпен өткен келіссөздер барысында халықаралық қаржы нарығындағы қазіргі жағдай жөнінде айтылып, сол секілді тараптар қаржы саласындағы қарым-қатынасты дамыту туралы пікір алысып, қытайлық нарыққа бондтарды юаньмен шығару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Сонымен қатар Қытай Эксимбанкі өкілдерімен кездесуде инвестициялық жобалардың іске асу барысы пысықталды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша екі жақ бірлескен жобаларды жүзеге асырып, әріптестікті одан әрі дамыту мен өзара тиімді мақсаттарды қол жеткізуге мүдделі екендерін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -