Республика аумағында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Акцияның мақсаты – ата-аналардың сақтығын арттыру және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу.
Жыл басынан бері ТЖМ құтқарушылары еліміз бойынша 3920 терезе бекіткішін орнатты.
Бүгін елордада ТЖД қызметкерлері қаланың барлық аудандарын қамтыған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полициямен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы отбасылардың пәтерлерінде 900-ден астам терезе бекіткішін орнатты.
«Бекіткіштерді орнату сынды қарапайым шаралар және балаларға тұрақты бақылау жасау – қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Біз елордалықтарды барынша мұқият болуға шақырамыз» ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков түйіндеді