Қазақстанда спорттық жетістіктердің артында тұрған жандардың еңбегі аталып өтті

1023
Фотосурет: Gov

Спорт күні мерекесіне орай елордада отандық дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосқан үздік мамандарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жиынға қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ел спортының дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің маңызына тоқталды:

«Спорт – тек халықаралық аренадағы жетістіктер ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушылардың, мамандардың және осы саланы дамытуға үлес қосып жүрген барша азаматтың үлкен еңбегі. Дәл сіздердің жанқиярлық, кәсібилік және өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктің арқасында біз осындай табысқа жетіп, Қазақстанды спорт алпауыты ретіндегі беделін нығайтып келеміз. Бүгін біз өскелең ұрпаққа үлгі болып, елдің спорт қауымдастығын шабыттандырған жандарға құрмет көрсетеміз»

Салтанатты рәсім барысында жаттықтырушылар, мамандар және спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.

«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандар

  • Рүстем Қазиев – «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары;
  • Ангелина Лукас – кәсіпқой боксшы;
  • Айбат Сейтен – қазақ күресінен әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы;
  • Богдан Весельский – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы;
  • Қонысбек Түкенов – «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК грек-рим күресінен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы;
  • Қарлығаш Балабекова – «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК құжаттамалық қамтамасыз ету инспекторы;
  • Олег Гриценко – «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК велотрек механигі.

«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар

  • Нұрлыбек Ермағанбетов – қол күресінен жаттықтырушы;
  • Мархабат Есімсейтова – «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК құжаттамалық қамтамасыз ету инспекторы;
  • Қадырбек Қабдулов – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінің спорт әдіскері;
  • Гаухар Мамырбаева – «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» РММ-нің Астана қаласы филиалының спорттық медицина дәрігері.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл мереке аясында еліміздің барлық аймағында 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, негізгі басымдық спорт ардагерлерін ұлықтауға, балаларға арналған спорттық іс-шараларға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -