Түлкібас ауданында белгілі спортшы Орынбек Орынбайұлы Айтбаевты еске алуға арналған XXIX-ші облыстық турнир өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Дәстүрлі спорт сайысы Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық WAGF қорының ұйытқы болуымен бірнеше жыл қатарынан тұрақты түрде өткізіліп келеді. Турнирдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу және жастар арасында спортқа қызығушылықты арттыру.
Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов ауылының орталық стадионында өткен бәсеке қатысушылары футбол, волейбол және шахматтан өзара мықтыны анықтады.
Шараның ашылу рәсімінде Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық WAGF қорының президенті Қайрат Айтбай сөз сөйлеп, іс-шараның мәні мен маңызына тоқталды.
«Бұл игі бастама – өткен тарих пен бүгінгінің арасын жалғап, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызы зор шара. Мұндай рухани-спорттық шаралар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек. Осындай ел азаматтарының есімін ұрпақ жадында жаңғырту – бүгінгі буынның парызы» турнир ұйымдастырушылары
Жарыс соңында «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан жеңімпаздар арнайы жүлделер мен сыйақылармен марапатталды.