ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі skills.enbek.kz онлайн-платформасында «Сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау» (6-курс, «B» бөлігі) атты кезекті актуарлық курстың іске қосылғаны туралы хабарлайды. Аталған курстың іске қосылуы Қазақстан актуарийлерін оқытудың минималды міндетті бағдарламасы шеңберінде он онлайн-курстан тұратын толық циклді қалыптастыруды жалғастырады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Курс сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеу және қаржылық есептілік мәселелеріне арналған. Тыңдаушылар сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігін қалыптастыру және талдау, ерте ден қою коэффициенттерін қолдану, активтер мен міндеттемелердің арасалмағын ескере отырып қаржылық жоспарлау, тәуекелді ескере отырып капиталға қойылатын талаптар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, тәуекелге бағдарланған қадағалаудың қағидаттары мен практикасы, сондай-ақ пруденциялық реттеудегі актуарийлердің рөлімен танысады.
Бұған дейін платформада «Өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы» (1-курс), «Актуарлық қағидаттар және олардың көшірмелері» (2-курс) және «Өмір мен денсаулықты сақтандыру» (4-курс, «B» бөлігі) курстары іске қосылған болатын.
Алдыңғы үш онлайн-курсқа 187 білім алушы тіркеліп, 8 сертификат берілді.
Жаңа курс туралы толық ақпарат және тіркеу келесі сілтеме арқылы қолжетімді.