Президент тапсырмаларының орындалуы: Ұлытау мен Ақтөбеде қысқа дайындық тексерілді

1463
Фотосурет: primeminister.kz

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрамына өңірлік инспекторлар, Премьер-министрдің кеңесшілері Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов енген үкіметтік жұмыс топтары коммуналдық нысандардың жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Ұлытау облысында Ермек Маржықпаев Жезқазған қаласының ЖЭО мен Сәтбаев қаласының жылу стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің құрылысы мен реконструкциясын тексерді. Бүгінгі таңда өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған.

Ақтөбе облысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының ЖЭО, «Батыс-2» және «Ақтөбе-сити» қазандықтарының, сондай-ақ «Aqtobe su-energy group» АҚ жүктемелеріне дайындығын тексерді. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды. 

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -