ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев «Еңбегі үшін» Венгрия орденімен марапатталды

2277
Фотосурет: turksoy.org

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Венгрияның ең жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі — «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Марапат Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның ұсынысы бойынша және Президенті Тамаш Шуйоктың Жарлығымен тағайындалды. Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 19 тамызда Пешттегі Вигадо сарайында Венгрияның Мемлекеттік тәуелсіздік күніне орай өтті. Орденді Венгрия мәдениет және инновациялар министрі Балаш Ханко табыс етті.

Сұлтан Раев – көрнекті жазушы, драматург және мәдениет қайраткері. Бұл жоғары марапатты мажар халқымен мәдени ынтымақтастықты дамытуға және Венгрия мен түркі әлемі арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін иеленді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы бұл құрмет үшін ризашылығын білдіре отырып, әрі қарай да Венгрия мен түркі халықтары арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салатынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -