Қазақстан мен ХЕҰ: Лайықты еңбек жөніндегі жол картасын іске асырудағы жаңа қадамдар

1089
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық еңбек ұйымы Аймақтық кеңсесінің аға әкімшісі Хутан Хумаюнпурмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысты аша отырып, Асқарбек Ертаев Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) стратегиялық миссиясының мақсаттарына табыс пен қол жеткізуге тілек білдірді.

Хутан Хумаюнпур өз кезегінде Қазақстан Үкіметінің еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік қорғау және т.б. сияқты мақсаттарды айқындайтын ҚР лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі 2026 жылға дейінгі жол картасының (бұдан әрі – Жол картасы) тармақтарын іске асырудағы өнімділігін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Жол картасын одан әрі іске асыру перспективалары мен кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын, соның ішінде ХЕҰ конвенцияларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -