Air Astana қол жүгін тексеру ережелерінің қатаңдатылғанын еске салады

1034
Фотосурет: @airastana

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысына сәйкес авиациялық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, бұдан былай ұшар алдындағы тексеріс кезінде тәркіленген заттар әуежайда сақталмайды. Жолаушыларға тасымалдауға жатпайтын заттарды шығарып салуға келген адамдарға беріп жіберуге кеңес береміз, әйтпесе тәркіленіп, жойылады.

Әуекомпания мына сілтеме бойынша тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға кеңес береді: https://airastana.com/kaz-kk/information/dangerous-goods.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -