Жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Қытайдың транзиттік әлеуетін нығайтады

2882
Фотосурет: @PR_KTZh

ҚТЖ және China Communications Construction Company «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасын іске асыруды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен China Communications Construction Company президенті Чжан Биннан мырзаның кездесуі өтті.

Келіссөздер аясында тараптар «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасының іске асырылу барысын талқылады.

Жұмылдыру қарқынын арттыру, қосымша ресурстарды тарту , сондай-ақ жұмыстарды тиімді жүргізу үшін жұмысшылардың орналасқан жерлерін жедел жайластыру қажеттілігі атап өтілді. Қытай тарапы жер жұмыстарын жобалау және жүргізу бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде жандандыру міндеттемелерін қабылдады.

Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үшін, сондай-ақ өңірдің транзиттік әлеуетін нығайту үшін стратегиялық маңызға ие. Құрылысты 2027 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. ҚТЖ және Абай облысының басшылығы тарапынан жобаны жан-жақты қолдау қамтамасыз етіледі.       

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -