Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге келді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің отырысына қатысып, Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді. Сондай-ақ Президент Қазақстан Мәдениет орталығының ашылу рәсіміне барады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
3 қыркүйекте Бейжіңнің орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы және Екінші дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақ ретінде салтанатты шараға қатысады.