Қазақстандық стартаптар UNIDO Cleantech Days байқауының үздік сегіздігіне енді

1243
Фотосурет: Gov

Қазақстандық жоба Стамбулдағы ЮНИДО Cleantech Days 2025 халықаралық жасыл стартаптар байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

1 қыркүйектен бастап Түркияда әлемнің 16 елінен орнықты инновациялардың, экологиялық таза технологиялар саласындағы стартаптардың көшбасшылары мен «жасыл» трансформацияның негізгі ойыншылары бас қосқан Cleantech Days 2025 халықаралық форумы өтіп жатыр.

GCIP Cleantech Days Pitch Competition финалында ұсынылған қазақстандық жобалардың жетістігі – ерекше мақтан тұтатын оқиға болды. ХЖТИЖО-да (IGTIC) акселерацияланған топтардың үшеуі де төмендегі жоғары деңгейлі технологиялық шешімдерді және жетілген бизнес-модельдерді ұсына отырып топ-8 финалшылар қатарына кірді:

  • Murat Beton Technology —сирек кездесетін жер элементтерін ала отырып, электрондық қалдықтарды қайта өңдейтін
  • Kaz REEcycling жаңа буынды төмен көміртекті бетоны;
  • FACEPLATE — құрылыс пен өндірісті орнықты басқаруға арналған цифрлық платформа.

Экономиканы декарбонизациялау жөніндегі негізгі бағыттардың бірі, құрылыс саласындағы CO₂ шығарындыларын азайтуға бағытталған инновациялық шешім – Murat Beton Technology — бірінші орын алды.

Оған қоса, парниктік газдар шығарындыларын төмендету саласындағы маңызды әлеуеті (GHG Emissions Reduction Potential) үшін қазақстандық тағы бір жоба Kaz-REEcycling ЮНИДО (Special Recognition) тарабынан  айрықша құпталды.

Қазақстандық стартаптар іс-шараға ЮНИДО мен Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қолдауымен ХЖТИЖО іске асырған Таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялардың (GCIP Kazakhstan) көмегімен  қатысты.

Конкурстың финалы және халықаралық қазылар алқасының құптауы — Қазақстанның cleantech-кәсіпкерліктің экожүйесін белсенді қалыптастыратынын және бәсекеге қабілетті экологиялық инновациялармен халықаралық деңгейге шығатынын растап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -