«Барыс» КХЛ маусымын өз айдынында жеңіспен бастады

1430
Фотосурет: «Барыс»

Барыс жаңа маусымды жеңіспен бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін жеңіспен ашты. Өз алаңындағы матчта «Барыс» овертаймда Челябинскінің  «Тракторын» 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Барыс (Астана) – Трактор (Челябинск) – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

0:1 – Ливо (Гросс, Дер-Аргучинцев) – 05:37 ГБ

1:1 – Шайхмедденов (Мухаметов) – 08:09

2:1 – Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов) – 32:08 ГБ

2:2 – Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов) – 36:16

3:2 – Томпсон (Веккьоне, Галимов) – 52:42 ГБ

3:3 – Дюбе (Дер-Аргучинцев, Ливо) – 57:31

Негізгі уақыт тең аяқталған соң, жеңісті голды овертаймда "Барыс" қорғаушысы Райли Уолш соғып, команданы алға жетеледі.

Астанада өткен кездесуді 10 мыңнан астам жанкүйер тамашалады. Бұл жеңіс "Барыс" үшін маусымды жоғары көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -