Сарапшылар Президент Жолдауы туралы: Парламент реформасынан Каспийді құтқаруға дейін

1716
Фотосурет: po.qr-pib.kz

ҚР Президенті орталығында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын сараптамалық талқылау өтті.

Жылдың басты саяси оқиғасы – ел дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындайтын Президенттің халыққа Жолдауы болып табылады. Жолдаудың мағыналық өзегі – ел дамуының қорытындысын шығару, орта мерзімді және ішінара ұзақ мерзімді келешекке арналған міндеттерді белгілеу.

Сараптамалық талқылаудың мақсаты – қоғамдық-саяси және экономикалық дамудың өзекті мәселелері аясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауының негізгі ережелерін талдау. Бұл іс-шараның өткізілуі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени ұстанымдардың тұжырымдамалық өзгерістерімен байланысты.

«Біздің кездесуіміздің мақсаты – елдің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуының өзекті мәселелері аясында Президент Жолдауының негізгі ережелеріне сараптамалық талдау жасау. Жаңа Жолдаудың тұжырымдамалық қаңқасы елді терең цифрлық трансформациялау идеясы, экономиканы әртараптандыру мен цифрландыру, оның ауқымды құрылымдық жаңғыртылуы, сондай-ақ экономикалық және саяси реформалардың берік ғылыми және заңнамалық негізін құру болып табылады. Президенттің ең маңызды стратегиялық міндеті – алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру. Осы бағытты үйлестіру үшін Мемлекет басшысы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды. Сонымен қатар, Президент елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, макроэкономикалық тұрақтылықты қалыптастыруға, инвестициялық саясат пен бизнес жүргізу шарттарын қайта қарауға, цифрлық активтер экожүйесін құруға, өнеркәсіптік әлеуетті толық ашуға, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты орнықтыруға бағытталған бірқатар міндеттерді қойды. Жолдаудың басты месседжі – Парламенттің бір палаталы жүйесіне көшу туралы ұсыныс болды. Бұл жаңа саяси реформаның кезеңін білдіреді және қоғамға Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделін қалыптастыру стратегиясына берік бейілділігі жөнінде айқын белгі береді» ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат

В Президентском центре РК прошло экспертное обсуждение  Послания Главы государства К.К.Токаева народу Казахстана  от 8 сентября 2025 года

«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы елдегі барлық маңызды шешімдердің бүкіл халықпен талқыланып, қабылданатынының жарқын үлгісі болды. Қырғыз Республикасы Қазақстан басшылығы дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан мемлекеттік басқаруды нығайту мен саяси жаңғыртуға, экономиканы және әлеуметтік саланы ауқымды түрлендіруге бағытталған саясатты толық қолдайды. Біз Қазақстан Республикасының бүкіл Орталық Азия өңірінің экономикалық прогресс көшбасшысы болатынына кәміл сенеміз. Қырғызстан мен Қазақстан екіжақты байланыстар кешенін одан әрі кеңейтуге бағытталған бірлескен күш-жігерді нақты түсінеді, осылайша жетістіктерге қол жеткізіп, қазіргі сын-қатерлер мен кедергілерді бірге еңсереді. Бүгінде тауар айналымының тұрақты өсімі байқалуда, бірлескен жобалар құрылуда, мәдени-гуманитарлық байланыстар нығаюда. Мұның барлығы Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынастарының тек дамып қана қоймай, өңірде шынайы одақтастық пен сенімнің үлгісіне айналып келе жатқанын дәлелдейді» Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Алим Токтомамбетов

Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова өз сөзінде кез келген құқықбұзушылыққа, кез келген заңсыздыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау – ұран емес, іс-әрекетке бағыт-бағдар екенін атап өтті. Заңға құрметсіз прогрессивті ұлт құру мүмкін емес, қоғамда агрессия мен қатігездікке төзбеушілікті қалыптастыру қажет.

«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы алдыңғыларынан елдің өркениеттік дамуына ерекше назар аударылуымен ерекшеленді. Сондай-ақ, менің назарымды Каспий мәселесі ерекше аударды. Теңіз тартылып барады, экожүйе бұзылуда, таза суға қолжетімділік азаюда. Бұл өңірдің болашағына қауіп төндіреді. Біз әрекет етуіміз керек: бірлескен мониторинг орнатып, өнеркәсіптік жүктемені азайту, заманауи су пайдалану технологияларын енгізу, ғалымдар мен жергілікті қауымдастықтарды тарту қажет. Ел Президентінің Каспий теңізін құтқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама құру бастамасы – уақытылы әрі аса маңызды қадам. Тек мемлекет, қоғам және әрбір азамат бірігіп, болашақ ұрпақ үшін мықты және заманауи ел құра аламыз» Ажар Сағандықова

В Президентском центре РК прошло экспертное обсуждение  Послания Главы государства К.К.Токаева народу Казахстана  от 8 сентября 2025 года

«Жолдау өзінің мазмұны, ауқымы және маңызы жағынан бірегей болды. Көптеген сұрақтарға жауап беріліп, нақты бағдар ұсынылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ерекше назарын мен депутат ретінде жиі көтеретін туризм саласына аударды. Президенттің айтуынша, туризм Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналуы тиіс. Мәселен, егер 2020 жылы елге небәрі 2 миллион турист келген болса, 2024 жылы олардың саны 15 миллионнан асып, саланың жылдық табысы 1,2 триллион теңгеге жетті. Бұл саланың өміршеңдігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени-рухани мұрасына жоғары қызығушылықты көрсетеді. Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдарға туризм инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп, осы жұмыстың сапасына жауапкершілікпен қарауды нақты тапсырды. Сондықтан жергілікті жерлерде визит-орталықтар құру – күн тәртібіндегі өзекті мәселе» Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова

Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдіснамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Арман Ешмұратовтың пікірінше: «Мемлекет басшысының Жолдауы болашақтың саяси да, технократиялық та келбетін айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Тұжырымдамалық мәнге интеллектуалдардың прогрестегі рөлін және орнын түсіну ие, бұл қуантады, себебі прогресс – жеке құбылыс. Сонымен бірге, биылғы Жолдаудың басты қыры – қазақстандықтарды шешім қабылдау процесіне тарту идеясы. Дәл біздің азаматтар 2027 жылы жалпыұлттық референдумда қай саяси үлгіні таңдайтынын шешетін болады».

В Президентском центре РК прошло экспертное обсуждение  Послания Главы государства К.К.Токаева народу Казахстана  от 8 сентября 2025 года

Биылғы жылдың басты саяси құжатын талқылауға Парламент депутаттары, шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, саяси партиялар, ғылыми қауымдастық, даму институттары мен азаматтық қоғам, сондай-ақ жетекші қазақстандық сарапшылар қатарынан шамамен 70 адам қатысты.

Сонымен қатар, өз пікірлерін ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Мариан Әбішева, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты мен Мемлекет тарихы институтының өкілдері білдірді.

Айта кету керек, сараптамалық кездесу пікір алмасуға және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын одан әрі ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналды.

В Президентском центре РК прошло экспертное обсуждение  Послания Главы государства К.К.Токаева народу Казахстана  от 8 сентября 2025 года

Іс-шара қорытындысы бойынша осы сараптамалық талқылаудың материалдар жинағы дайындалатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -