Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектердің кешкі сессиясы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
51 келідегі Алуа Балқыбекова ақтық сында қос Олимпиаданың күміс жүлдегері Буси Наз Чакыроглумен өзара чемпиондық атаққа таласты. Аңдысып өткен айқаста жерлесіміздің мерейі үстем болды.
Осылайша, Алуа өз мансабында 4-мәрте жаһандық доданың медалін мойнына тақты.
Алуа Балқыбекованың жарыстағы жолы:
- 1/8 финал. 🇰🇷Мун Га-еон - 5:0
- 1/4 финал. 🇼🇸Гуо И-хуан - 5:0
- 1/2 финал. 🇨🇳Хиню Жи - 4:1
Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?
- 2016 жыл. Жайна Шекербекова (51 келі)
- 2018 жыл. Жайна Шекербекова (51 келі)
- 2022 жыл. Жайна Шекербекова (52 келі)
- 2025 жыл. Алуа Балқыбекова (50 келі)