Отбасы күні мерекесіне арналған эстафеталық жарыс

1452
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің отбасы арасында спорттық эстафеталық сайыс өтті. Бұл сайыс елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетін отбасы мерекесінің құрметіне арналды. Әрбір рота ротадан қатысқан әкесі анасы және екі ұл-қыздары бір команда болып салауатты өмір салтын ұстанып, жылдамдық ептілік, шеберліктің сонымен қатар бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

Спорттық іс-шараның басындағы құттықтауында: «Әскери қызмет – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап ететін абыройлы іс болса, оның сенімді тірегі, берік арқауы ол сіздердің жанұяларыңыз. Әскери өмірдің қиындығы мен жауапкершілігін отбасының қолдауы мен сүйіспеншілігі ғана жеңілдете алады. Біздің қызметіміздің әрқашан жоғары дәрежеде орындалуы үшін әрбір әскери қызметшінің отбасының берекелі болуы, балаларының шат күлкісі өте маңызды. Мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа бақыт, мол қуаныш, амандық тілеймін!» деді бөлім командирі  подполковник Нуралиев Бауыржан.

Жылдамдық ептілік, шеберлікті талап ететін спорттық сайыста 1 атқыштар ротасының әскери қызметшісі сержант Нуралиевтердің отбасы жеңіс тұғырына көрініп, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал сержант Нарметов Илхамның отбасы жүлделі екінші орынды иеленсе, кіші сержант Иманбетовтердің отбасы үшінші орынды місе тұтты. Жүлделі орын иегерлерінің отбасына бөлім командирінің дипломдары мен сыйлықтар табысталды. Ленгер қаласындағы 4 атқыштар ротасынан қатысқан Ахтаевтардың отбасы сайысқа белсене қатысқаны үшін бөлім командирінің алғыс хаты мен арнайы сыйлығын алды.

6698 әскери бөлімі капитан Шынжігітова Малика

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -