Армия спортшылары еркін күрестен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

847
Фотосурет: Gov

Әскери спортшылар ефрейтор Нұрқожа Қайпанов пен ҚР ҚК қызметшісі Асылжан Есенгелді еркін күрестен әлем чемпионатында тамаша нәтижелер мен жоғары дайындық көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ефрейтор Нұрқожа Қайпанов молдовалық Васил Диаконмен болған үшінші орын үшін күресте жеңіске жетіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Нұрқожа үшін бұл медаль ересектер арасындағы әлем чемпионаттарындағы үшінші медаль. Естеріңізге сала кетейік, ол бұған дейін Астанада өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс иеленсе, 2023 жылы Тиранда әлем чемпионы атанған болатын.

Асылжан Есенгелді де Загребте (Хорватия) өткен әлемдік біріншілікте ерекшеленіп, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде америкалық Джаксон Патрик Форрестті жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұл жеңістердің екеуі де халықаралық аренада Қазақстан үшін наградалар әкелуді жалғастыратын армия спортшыларының жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -