Денсаулық пен ұзақ өмір: Астанада зейнеткерлерге арналған күзгі сауықтыру маусымы ашылды

1298
Фотосурет: Gov

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қыркүйек айынан бастап күзгі сауықтыру маусымы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат: 8.00 – 11.30-ге дейінгі уақытта «Жетісу», «Жерұйық», Президенттік, Орталық және Ботаникалық саябақтарда скандинавиялық серуеннен таңғы сауықтыру жаттығулары өтеді. Орталықтың спорт нұсқаушылары демалу саябақтарында зейнеткерлердің қатысуымен сауықтыру жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл бастама қала тұрғындарының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Күзгі сауықтыру жаттығуларына қатысуға ниет білдірген барлық қала зейнеткерлерін сауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Жаттығуға қатысу тегін. Сауықтыру жаттығулары қыркүйек-қараша айларында кестеге сәйкес жалғасатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -