Астананың Пригородный тұрғын ауданында 700-ден астам ағаш отырғызылды

4224
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елорданың барлық ауданында жалпы қалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Есіл ауданының Пригородный тұрғын алабында акцияға қатысушылар 700-ден астам ағаш көшетін отырғызды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын алапта отырғызылған ағаштардың арасында жүздеген қарағаш, тал, терек, мамыргүл және емен көшеттері бар.

Акцияға жергілікті тұрғындар, шағын және орта бизнес өкілдері, пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері бірлестіктері, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері, спортшылар, мұғалімдер қатысты.

«Бұл ағаштар ауданның сәніне келтіріп, тұрғындарға таза ауа, көлеңке және жайлылық сыйлайды. Акцияға қатысушылардың кеңінен атсалысуы – барлығымыздың Есіл ауданын таза, жасыл әрі көрікті етуге ұмтылысымызды көрсетеді», – делінген Есіл ауданы әкімдігінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында дәстүрлі экологиялық айлық «Таза Қазақстан: Таза Астана» өтіп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -