Қазақ студенттері ақпараттық қауіпсіздік бойынша халықаралық турнирде жеңіске жетті

902
Фотосурет: Аstana akimdigi

Елордалық колледждің командасы халықаралық GO CTF TATARSTAN 2025 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елордадағы «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің командасы GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық ашық турнирінің финалында жеңіске жетіп, 1 миллион теңге көлеміндегі жүлде қорының иегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Финалға 18 қаладан 20 команда қатысты. Дода Татарстан Республикасында, Башир Рамеев атындағы IT-паркі алаңында, Kazan Digital Week халықаралық форумының аясында өтті.

Астаналық команда киберқауіпсіздік бойынша дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Турнир екі кезеңнен тұрды:
1-кезең – іріктеу туры. Барлығы ТМД елдерінен 230 команда бақ сынады. Бұл кезеңде Astana Polytechnic колледжінің екі командасы 2-ші және 3-ші орындарды иеленді.

2-кезең – финал. 14 қыркүйекте Қазан қаласында өтті.

Колледж командасы турнирге мына студенттерден жасақталды:

Әлихан Қарабаев, Мирас Бақытбек, Нұрбек Қомыт, Димаш Айтхожин, Әлинасыр Мәлік, Дәулет Табылдиев, Ерхан Қазбек, Әдият Олентин, Нұрмұхаммет Жақанов, Әлішер Жүсіпов.

Бұл жеңіс студенттердің кәсіби деңгейінің жоғары екенін дәлелдеп қана қоймай, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық жарыстарға жол ашады.

Команданы CTF жаттықтырушылар клубының жетекшісі Нұрбек Төлендинов дайындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -