Қазақстан АҚШ-та өткен инженерлердің әлемдік форумында сейсмқорғау жобасын таныстырды

1188
Фотосурет: Gov

АҚШ-тың Калифорния штаты Беркли қаласында, Калифорния университетінің базасында сейсмикалық оқшаулау, энергияны сейілту және құрылымдарды дірілді басқару мәселелеріне арналған 19-шы Дүниежүзілік конференция (19WCSI) өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Конференцияға 30-дан астам мемлекет өкілдері қатысты. Олардың қатарында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары да бар. Делегацияны өндіріс жөніндегі басқарушы директор Ералы Шоқбаров бастап барды. Лаборатория меңгерушісі Жасұлан Омаров Шымкент қаласында сейсмикалық оқшаулау жүйелері қолданылған нысан құрылысы туралы баяндама жасап, Қазақстан Республикасының ұлттық тәжірибесін таныстырды, әріптестерін әлемдік озық тәжірибелермен хабардар етті және халықаралық білім алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл форум екі жылда бір рет Pacific Earthquake Engineering Research Center (PEER) орталығының бастамасымен, халықаралық сейсмикалық оқшаулау қоғамының (ASSISi) қолдауымен өткізіледі және жер сілкінісінен ғимараттарды қорғау технологияларына арналған әлемдік маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

Сонымен қатар, конференция аясында сейсмооқшаулағыштар мен демпферлік жүйелерді жобалау және сынау мәселелері, құрылыс пен инфрақұрылымда инновациялық технологияларды пайдалану, сондай-ақ, халықаралық стандарттар және ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін арттыруға арналған шешімдерді енгізу тәжірибесі талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -