Қазақстандық құтқарушылар Ресей және Беларусь әріптестерімен тәжірибе алмасты

1375
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бастаған делегация Иркутск облысына барып, Ресейлік ТЖМ ұйымдастырған Қазақстан мен Беларусь төтенше жағдайлар ведомстволарының XXII бірлескен алқасының аясында іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық делегация Байкал көлінде Ресей ТЖМ-нің оқу-жаттығуын тамашалады. Құтқарушылар авиацияны қолдана отырып, орман өртін сөндіруді, шартты апатқа ұшыраған теплоход жолаушыларын эвакуациялауды, жол-көлік оқиғасының салдарын жоюды және 60 метр тереңдіктен сүңгуірдің көтерілуін көрсетті.

«Өткізілген оқу-жаттығулар әріптестеріміздің жоғары дайындық деңгейін және заманауи жабдықталуын айқын көрсетті. Біз үшін қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндер көп жағдайда ұқсас. Сондықтан біз кез келген төтенше жағдайға дайын болуымыз керек. Бүгін біз тәжірибемізбен бөлісіп отырмыз — бұл біздің өзара іс-қимылымыздың жарқын үлгісі», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысы.

Сапар барысында делегация мамандарды  даярладың 35 бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан Байкал іздестіру-құтқару жасағына барды. Мұнда  «Қауіпсіздік мектебі» қозғалысының жас қатысушыларымен кездесу өтті. Қазақстандық өкілдер жастарды қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін ерте жастан бастаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында экологиялық акция да ұйымдастырылып, делегация құтқарушылармен бірге жасақ аумағына ағаш отырғызды.

Сапардың қорытынды кезеңі заманауи авиациялық техниканың үлгілері ұсынылған «Яковлев» БАҚ филиалы — Иркутск авиациялық зауытына барумен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -